4.11.2020, 10:46
Қараулар: 95
Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Жуырда Бразиля елі каратэ-до шотаканнан әлем чемпионатын ұйымдастырды. Тек қана ката яғни қорғаныс және шабуылды иммитациялауға арналған әдіс тәсілдерін көрсету бағыты бойынша өткен жаһан біріншілігінде ел намысын бәйтеректік каратэшілер қорғады.

Білікті сенсей Фархад Жалмурзиннен тәлім алатын спортшылар өздерінің катасын видеоға түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберді. Жарысқа әлемнің 35 елінен 1300 спортшы қатысты. Қорытындысында «шотокан» ережесінде сынға түскен Анеля Нұрболат жүлделі үшінші орынға табан тіреді.

Бұдан бөлек Жүнісали Мадияр, Ғұбайдолла Ғұбайдуллин, Әділет Бержанов,Әли Жалмурзин, Жангүлім Есболова сынды бәйтеректік каратэшілер де жақсы нәтиже көрсетті.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы