20.12.2020, 11:12
Қараулар: 67
Ақжайық алдына жан салмады

Ақжайық алдына жан салмады

Орал қаласында шаңғымен көпшілік жүгіру сайысы өткен болатын. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық мәдениет және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырған бәсекеге жүзден астам шаңғышы қатысты.

Олардың арасында бәйтеректік спортшылар да болды.

Ерлер мен әйелдер бірнеше қашықтықта бақ сынасқан жарыс қорытындысында білікті бапкер Серік Хайруллиннің қол астында жаттығатын Ақжайық Елубаева алдына жан салмай, жеңімпаз атанды.

-Ақжайық шәкіртім негізі ШҚО Риддер қаласындағы арнайы спорт мектебінде оқиды. Елдегі жағдайға байланысты ол қазір ауылда жаттығып жүр. Жас спортшылардың бабын бір тексеріп алу үшін осындай сындардың көп болғаны жақсы,-дейді С.Хайруллин.

Жас шаңғышыларды баптап жүрген Серік Құрманғазыұлы өз қарамағындағы шаңғышылардың өнеріне разы екенін айтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы