28.01.2020, 10:14
Қараулар: 139
Аудан спортшылары — облыста алдыңғы орында

Аудан спортшылары — облыста алдыңғы орында

Орал қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан «Шаңғы бағдар — 2020» облыстық жарысы өтті.


Жыл санап дамып келе жатқан шаңғымен бағдарлау спорты өңірімізде де э қарқын алып келеді.

Биылғы өткен жарысқа өңіріміздің барлық аудандары мен Орал қаласынан 200-ден астам спортшы қатысты.

Бірнеше күнге созылған бәсеке «Шаңғы жарысы», «Орта қашықтық», «Спринт» және «Ұзақ қашықтық» сияқты бірнеше спорттық дисциплина бойынша оздырылды.

Аталмыш жарыста аудан намысын қорғаған Бәйтерек ауданының спортшылары тамаша нәтиже көрсетті.

Шаңғы жарысына шыққан бәйтеректік спортшылар 763,99 ұпай жинаса, орта қашықтықта 603,55, спринтте 656,91, ұзақ қашықтықта 668,37 ұпай жинады.

Жалпы аудан спортшылары командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Енді бағдарлаушылар алда болатын жарыстарға дайындықтарын пысықтайтын болады.

                                                                                 

Түгелбай БИСЕН