25.12.2020, 9:16
Қараулар: 47
Асхатқа сәттілік тілейміз

Асхатқа сәттілік тілейміз

Төтенше жағдай, күшейтілген карантин режимі биылғы жылдың басты тақырыптары. Індет кесірінен біраз спорттық бәсекелер тоқтатылды. Көп спортшы дайындық кестесін қайта қарап, өзгертуге мәжбүр болды.

Десе де өзінің талпынысы мен еңбекқорлығының арқасында жақсы нәтиже көрсетіп, ауданның ғана емес, облысымыздың намысын байрақты бәсекеде абыроймен қоғап жүрген спортшы бар. Ол –«Бәйтерек» ШФК ойыншысы Асхат Мәжит.

Клуб құрылған кезден құрамға енген ойыншы өткен маусымды көңілдегідей аяқтай алмағанмен, биылғы жылы командамен бірге түледі. Маусым басындағы ойындардың бірінде жарақат алып, біразға дейін матчтардан шет қалған Асхат толық емделіп, команда сапына қайта қосылды. Жай ғана қосылған жоқ. Өзінің нағыз бабына енгенін көрсетіп, клуб сапындағы алғашқы голын да соқты.

Спорттық бәсекеге шөлеркеген шағын футбол жанкүйерлері мен мамандары «Мангусттың» (Асхаттың лақап аты) болашағы зор екенін айтуда. Алдағы уақытта жерлесіміздің бұдан да биік белестерді бағындырғанына және ұлттық құрама сапындағы голыменна қуантасын деп тілейміз.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы