14.12.2020, 9:33
Қараулар: 80
Үгіт-насихат жұмыстары басталады

Үгіт-насихат жұмыстары басталады

10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасында сайлауалды үгіт-насихат кезеңі  басталды. Осы ретте Бәйтерек аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында аумақтық сайлауалды штабының презинтациясы өтті.

Презинтацияда штаб мүшелері, «Nur Otan»  партиясынан аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер мен сенімді өкілдер бас қосты.

Шарада партияның  жыл соңына дейін атқаратын жұмысының жайы талқыланып,  бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар сөз болды.  Аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бибигүл Ахметжанова мәжіліс депутаттығына үміткерлерге сайлауалды бағдарламалары мен  агитациялық жұмыстар барысын  түсіндірді.

Үгіт-насихат кезеңі 10 желтоқсан кешкі сағат 18:00-ден 9 қаңтар түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы