30.11.2020, 9:47
Қараулар: 71
Халық игілігі үшін құрылған жаңа жоспарларға өз септігімізді тигізейік!

Халық игілігі үшін құрылған жаңа жоспарларға өз септігімізді тигізейік!

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әр азаматының ерекше назарын аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін атап өткен болатын. Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің болашаққа арналған жоспары толығымен орындалатындығына сенеміз және қолдаймыз. Оның ішінде: мемлекетіміздің басқару жүйесінің стратегиясын айқындап, талдап, сараптап отыратын жүйе қажеттілігін және бұл жүйені жедел түрде өзгерту керектігі жөнінде де айтылды. Бұл мемлекетті монобасқару емес халықтық, демократиялық, ғаламдық ағым үрдісінде болуға мүмкіндік берілуде деген сөз. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап балдық-факторлық жүйе енгізілетінін де Президент атап өтті. Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түсетіндігі айтылды.

Сонымен қатар Президент жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздар мен медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру, еңбекпен қамту, үй-баспанамен қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу, электронды қарым-қатынасты арттыру жолдары да нақтыланды. Оның ішінде цифрландыру сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы деп атап өткен болатын. Соған сәйкес мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартуды ұсынған болатын. Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып, мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді де ҚасымЖомарт Кемелұлы тапсырды. Адамдар емес, мәліметтер зыр жүгіруге тиіс деп атап өткен болатын.

Президентіміз «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын айта келе, жұмыс жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар зейнет қорында жиналған қаржының бөлігін қолдана алатындығын, бүгінгі таңда көп балалы аналарға, мүгедектерге арендалық үй салуды көбейту керектігін де атап өтті.

Жолдау жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қоғам болып интернетке тәуелді болып қалған жастарымызды еңбекке баулу, спорттық үйірмелер, клубтар ұйымдастыруды, қол жетімді сапалы білім, онлайн оқу жүйесін жөнге келтіру, елді-мекендегі

дәрігерлік фельдшерлік мекемелердің халыққа қызмет көрсетуін жергілікті басшылыққа жүктеді.

Еліміздегі кең етек алған сыбайлас жемқорлықпен күресті талдай келе жалғыз ғана ішкі істер мекемесінің қызметкерлері ғана емес, өзін ҚР-ның азаматымын деген әрбір адам үлесін қоса алатындығын да атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, бүкіл халық үшін бұл Жолдау қуатты Қазақстанды бірге құруда, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Халық игілігі үшін құрылған жоспарлардың іске асуына қолымыздан келгенше өз септігімізді тигізейік.

Айкерим Кужагалиева,

Бәйтерек ауданаралық

Әділет басқармасының бас маманы