28.12.2020, 15:00
Қараулар: 50
Ақжолдықтар тұрғындармен кездесті

Ақжолдықтар тұрғындармен кездесті

«Ақжол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мүшелері аудан тұрғындарымен үгітнасихат шеңберінде кездесу өткізді.

Аудандық мәдениет үйінде өткен басқосуда «Ақ жол» партиясынан облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидат Бағдат Ізмағанбет, ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Алмас Бадашевтың сенімді өкілі Қуаныш Елубаев, өңірге танымал кәсіпкер Тілеген Құспанов аудан тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Түбегейлі өзгеріс қажет» деп аталған кездесуде экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік мәселелер, жастар және тұрғын үй мәселесі төңірегінде әңгіме өрбіді. Партия мүшелері басым ұстанатын әлеуметтік мәселелер, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстармен бөлісіп, азаматтардың сауалы мен ұсынысын тыңдады.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы