11.01.2021, 9:11
Қараулар: 34
Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім

Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім

Аудан орталығы Переметный ауылындағы сайлау учаскесінде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Сақтық шараларына да мықты көңіл бөлініпті. Ауа райының қолайсыздығы да дауыс берем деушілерге кедергі емес екенін де көре алдық. Әсіресе жастардың сайлауға өте белсенді қатысып жатқандығы қуантады.

Бүгінгі тарихи күнде өз таңдауымды елімнің болашағы үшін жасадым.

Eл бүтіндігі, қарыштап дамуы, әлем алдындағы беделі, ізгі бастамалардың жүзеге асуы, балаларымыздың болашағы үшін дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Мен бұл парызымды бүгін орындадым.

Алма ТУЛЕПКАЛИЕВА

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс

жөніндегі ресурстық орталығының басшысы