26.11.2020, 11:39
Қараулар: 96
Әскери қызметтен кімдер босатылады

Әскери қызметтен кімдер босатылады

«ADAL KOMEK» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирде болған Бәйтерек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Юрий Кауисов әскери қызметті кейінге қалдыру жайын түсіндірді.

-Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық шақыру комиссиясының шешімімен жүзеге асады. Кейінге қалдыру отбасылық жағдайға, денсаулық жағдайына байланысты, білім алу немесе жалғастыру және басқа себептермен беріледі,-дейді Юрий Витальевич.

Сонымен қатар Ю. Кауисов кейінге қалдыру негіздеріне жеке тоқталып, әр нұсқадағы жағдай бойынша кеңінен түсінік берді.

Оның сөзінше, отбасы мүшелерін асырап жүрген, ғылыми дәрежесі бар, әскери қызметті басқа мемлекетте өтеген, ата-анасының біреуі әскери қызметте зақым алған немесе 27 жасқа дейін заңды түрде әскерге шақырылмаған және т.б азаматтар әскери қызметтен босатылады екен.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы