3.12.2020, 9:20
Қараулар: 90
Ұстаздар қолдауы ерекше

Ұстаздар қолдауы ерекше

Газетке жазылу науқаны қыза түсті. Бүгінде аудан үнпарағын алғысы келген жандар редакцияға ағылуда. Басылымға деген қолдауын іспен көрсеткен Мичурин мектебінің ұстаздары 70 дана газетке жазылды.

-Газет тек ақпарат беруші ғана емес, ол тәрбие құралы. Ал ұстаздар ел болашағы саналатын жастарды тәрбиелейді. Аудандағы оң өзгерістер мен қуанышты хабарды бірінші болып «Ауыл тынысы» газеті жазады. Ел патриоттары мен ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде газеттің орны ерекше. Сол себепті жазылу науқаны басталған шақта басымдықты аудан газетіне бердік. Бұл — біздің басылымға көрсеткен аз ғана қолдауымыз,-дейді мектеп директоры Алмагүл Кенжебаева.
Бұдан бөлек, білім ордасының ұстаздары 20 «Орал өңірі» мен 15 «Приуралье» газетіне жазылған.

Түгелбай БИСЕН

Бәйтерек ауданы