26.11.2020, 11:29
Қараулар: 100
«Құқық — әділет пен парасат жолы»

«Құқық — әділет пен парасат жолы»

Қазіргі уақытта жастарға құқықтық тәрбие беру өте маңызды. Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне көңіл бөліп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау-ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктер жайлы түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызатыны сөзсіз.

Бүгінгі күні құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете меңгеріп, заң білімі саласынан қашан да мағлұмат алғаны дұрыс. Сондықтан, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ең алдымен, отбасы шеңберін, оқу орындарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, жастар бірлестіктерін және негізгі реттеуші мемлекет болғандықтан, оқытылатын көптеген пәндердің жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте мемлекет тарапынан да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын, ерікті қызметке жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, соған сәйкес жастарды қоғамдық жұмыстарға араластырып, патроиоттық сезімін ұялату, мемлекет ісіне араластыру болып табылды. Мемлекет басшымыз биылғы жолдауында да жастарды ұмыт қалдырмай, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қоғам болып интернетке тәуелді болып қалған жастарымызды еңбекке араласуға шақырды.

Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жастарды тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, олардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту үлкен еңбекті қажет етеді.

Егер біз тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын десек, өзіндік бірегейлігімізді сақтап қаламыз десек, жастардың тәрбиесі мен құқықтық сауаттылығына қоғам болып ат салысуымыз қажет.

Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпайық!!!

Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы

Кужагалиева Айкерим Абайевна