10.12.2020, 16:46
Қараулар: 81
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!

Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылғы 11-13 желтоқсан аралығында аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактиқалық шара өткізіледі.

Полиция бөлімінде бұйрық жасалып, арнайы жоспар дайындалды және жеке құрам аталған мерзімде күшейтілген түрде қызмет атқаратын болады.

Құрылған мобильдік топтарға профилактикалық есебінде тұрған адамдардың тізімін дайындау және аталған мерзімде оларды тексеру, қатаң бақылауға алу тапсырмасы берілді.

Жедел- профилактикалық шара кезінде полиция қызметкерлері қылмыстық және құқық бұзушылықтар жасалуы мүмкін орындарында, сондай-ақ азаматтардын жаппай демалатын орындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқаратын болады.