16.10.2019, 10:44
Қараулар: 388
Қоғамдық қабылдау жүргізді

Қоғамдық қабылдау жүргізді

Қазан айының 8-10 күндері аралығында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов және мекеме, бөлім басшылары Махамбет және Көшім ауылдық округіне қарасты Үлкен Шаған ауылдарында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Мемлекеттік органдардың халықпен ашық байланысын қамтамасыз еткен қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары әлеуметтік көмек рәсімдеу, жеке баспана, шаруашылық жүргізу мақсатына жер телімі, тұрақты жұмысқа орналасу сияқты мәселелер көтеріп,сауалдарына нақты жауап алды.

 

Өз тілшіміз