4.11.2020, 15:09
Қараулар: 111
Қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Еліміздегі енгізілген карантин режиміне байланысты көптеген салалардың жұмыс тәртібі өзгергені бәрімізге мәлім.Сол себепті кітапханашылар да онлайн режиміне көшіп, үйде отырған оқырмандарына рухани демеу көрсету мақсатында қашықтықтан іс – шаралар өткізуде.

Жуырда Дариян ауылдық,балалар модельді және Озерный ауылдық кітапханашылары Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Әліпби – ұлт болашағының негізі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

Шарада Динара Ғизатова,Мария Еременко,Мақсот Дәулет сынды кітапханашылар латын әліпбиінің қысқаша тарихы мен бекітілген нұсқалары жайында кеңінен мағлұматтар беріп, латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы деген ойларын жеткізді.

Сондай – ақ онлайн сағатқа белсене қатысқан дарияндық Дариға Насырова, озерныйлық Қарақат Әлімбай, Сырғалым Амангелді, Александра Тен, Карина Тихоновалар да латын әліпбиі турасында ой өрбітіп, пікірлерін білдірді.

Ақпараттық сағат соңында кітапханашы Динара Ғизатова «Латын әліпбиі:заман талабы және бағдарлы болашақ» тақырыбында дайындалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы