7.01.2021, 12:14
Қараулар: 31
Экология мәселесі басты назарда болмақ

Экология мәселесі басты назарда болмақ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Рамазан Исмағұлов, Фархад Жалмурзин, Айнұр Мойнақбаева, Валентина Старобудец және Тілек Залмұқанов Янайкин ауылдық округіне барып, «Дүйсен» шаруа қожалығңының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірген үміткерлер көпшілікке экономикалық тұрақты аудан, ыңғайлы аудан, әлеуметтік бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетке бай аудан, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан сияқты партияның басым бағыттарын кеңінен түсіндіріп берді.

Сонымен қатар қоршаған орта – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен олардың денсаулығының маңызды көрсеткіші екенін де өз баяндамаларында атап өткен үміткерлер ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселесіне де үлкен көңіл бөлінетінін жеткізді. Бұдан бөлек өңір тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдау керектігін де көзден таса етпейтінін атап өтті.

Болашаққа бағытталған жұмыстарға аса көңіл бөлінетінін айтқан қонақтар 2022 жылға қарай Горбунов, Павлов, Мирный, Красный Свет, Кирсанов, Поливной, Ақсу (Владимировка), Кіші Шаған ауылдарына табиғи газ жеткізілуіне ықпал жасамақ.

Түгелбай БИСЕН

Бәйтерек ауданы