25.12.2020, 15:50
Қараулар: 78
Тексеріс өткізілді

Тексеріс өткізілді

Жуырда Бәйтерек ауданында   пиротехникалық өнімдерді әкеліп сату мәселесі бойынша «Пиротехника» жедел – алдын алу іс-шаралары өтті.

Ауданынық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында рейд жұмыстарын жүргізіп,  азаматтарға нұсқаулықтар мен жадынамалар таратты. Тексеріс барысында аудан орталығында орналасқан сауда үйлері мен дүкендер тексерілді.

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жасталапов Жанболаттың айтуы бойынша шара кезінде тексерістен өткен  сауда орындарында  сақтық қағидалары сақталған. Құқық бұзушылық анықталған жағдайға, азаматтарға сәйкесті шаралар қолданылатын болады.

Бәйтерек аудандық

төтенше жағдайлар бөлімі