14.12.2020, 9:26
Қараулар: 69
Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат

Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат

«Ақжайық — адалдық алаңы» жобасы аясында Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары мен аудан волонтерлары «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» акциясын ұйымдастырды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған шара аясында еріктілер ауыл тұрғындарына жадынамалар таратып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-Аталған акцияның мақсаты — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық түрлерін алдын-алу және болдырмау. Аудан тұрғындарына құқықтық мағлұмат беру. Біздің көздегеніміз саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, елімізге адал қызмет етуге, ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады,-дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы