16.10.2019, 10:49
Қараулар: 404
Мұғалімдерге құрмет

Мұғалімдерге құрмет

           7 қазан күні Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.

 

Мерекелік салтанатты шарада сахна төріне аудан әкімі Асхат Шахаров шақырылды.

— Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! — деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.
Құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Асхат Берлешұлы ауданымыздың білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосып, шәкірт тәрбиелеуде озық өнеге үлгісін көрсетіп жүрген өз ісінің майталман мамандарын ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапаттап, одан соң аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, алдағы жұмыстарына толайым табыс тіледі.

Сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Сафиуллин саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, адалдық пен парасаттылықтың үлгісі болып жүрген ұлағатты ұстаздарды аудандық білім беру бөлімі басшысының алғыс хатымен марапаттады.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Шыңғыс РОМАШЕВ,

Бәйтерек ауданы