25.12.2020, 15:56
Қараулар: 45
Меценаттар аянып қалмады

Меценаттар аянып қалмады

Бәйтерек ауданы қолы ашық меценаттардан кенде болған емес. Қай кезде де бәйтеректік атымтай жомарт азаматтар ауылы, ауданы үшін жақсылық жасаудан еш қайтқан емес. Ел басына күн туған биылғы жылы да меценаттар бір кісідей жұмылып, қолдан келген көмектерін көрсетті.

Барымды елмен бөлісуге дайымын деген ұстанымдағы кәсіп иелері жыл басынан бері талай жанға көмек қолын созды. Ал індет өршіп, ел іші дүрбелеңге түскенде меценаттар жұмылып, аудандық ауруханаға қолдарын келген көмектерін аямады.

Кәсіпкерлер аурумен бетпе-бет келген дәрігерлерге қолғаптан бастап, кислорорд концентрадтарына дейін алып берді. Тіпті төтенше жағдай кезінде кезекшілікте тұрған полицейлерге ыстық тамақ та тасығандары болды. Ел қиын жағдайға түскен аудан меценаттары қос ауруханаға 11754307 теңгеге көмек көрсетті. Әсіресе, аудан орталығындағы аурухананы толықтай оттегі магистралін орнату, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаны осы атымтай жомарт жандардың арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар меценаттар «Туған жер» жобасы аясында да біраз шаруаны тындырды. Аумалы-иөкпелі заманға қарамастан ауылды гүлдендіру мен абаттандыруға атсалысқан жергілікті азаматтар 122 570 000 теңге болатын 11 жобаны сәтті жүзеге асырды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы