11.01.2021, 9:14
Қараулар: 34
Менің таңдауым тыныштық және тұрақтылық

Менің таңдауым тыныштық және тұрақтылық

Сайлау — халықтың тура өз қалауын еркін білдіру формасы екенін Президентіміз айтқан әділ қоғам құруға ұмтылған азамат білуі керек. Сайлау — демократияның өте маңыздылығын көрсететін және мемлекеттің тұрақтылығының негізгі бөлігі екенін айтпаса да түсінікті. Азаматтар сайлауға қатысу арқылы билік органдарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді және өзінің құқығын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік алады. Жалпы бүгінгі таңдауымыз саяси дамуға бағытталады деген ойдамын.

Маған дауыс беруге бүгінгі қолайсыз ауа райының кедергі емес. Елімнің патриоты және болашағына жаны ашитын азамат ретінде өз дауысымды бердім. Менің таңдауым тыныштық және тұрақтылық.

Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталғаны да көңілге қуаныш ұялатады. Ауылдастарымды барша ел азаматтарын белсенді болуға шақырамын. Өйткені әрқайсымыздың дауысымыз маңызды.

Николай АНЦИПРОВИЧ,

Переметный ауылының тұрғыны