20.11.2020, 9:17
Қараулар: 69
Мектеп ұжымының қолдауы

Мектеп ұжымының қолдауы

Бәйтерек ауданы орталығындағы қара шаңырақ Қасым Аманжолов атындағы мектеп ұжымы «Ауыл тынысы» газетін қолдайтынын сөзбен емес, іспен дәлелдеді.

smart

Жазылу маусымы басталысымен алғашқылардың бірі болып, басылымға қолдауын білдірген білім ордасының ұжымы 65 газет алатын болды.

-«Ауыл тынысы» елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды ғана емес, оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың жетістігін жазып, қуанышымызды көпке жеткізеді. Сонымен қатар еңбек адамдары мен көпке үлгі болар азаматтардың игілікті істерін көрсетіп тұрады. Мектеп ұжымы аудан газетін қашан да қолдауға әзір,-дейді білім ордасының директоры Роза Тасанова.

Естеріңізге сала кетейік, жазылу науқаны желтоқсан айына дейін жалғасатын болады.

Елмен бірге жасаған газетке қолдауыңды аяма, ағайын.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы