28.12.2020, 15:25
Қараулар: 51
Медиацияның маңызы артып келеді

Медиацияның маңызы артып келеді

Жыл өткен сайын медиацияның қолдану аясы кеңейіп, маңыздылығы артып келеді. Ежелден елімізде қолданылған бұл жүйе, кейінгі жылдары сот процестерінде кеңінен қолданыла бастады.

Жуырда Бәйтерек аудандық №2 сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың онлайн режимде өткен ҚР «Неке және отбасы туралы» кодекстің 20-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалды болдырмау және отбасын сақтап қалу процесі аяқталды.

Тінін тарқатар болсақ, талапкер Ш. өзінің арызында жауапкермен 20 жылдан астам уақыт бұрын некеге тұрғанын, ортақ некеден 3 баласы барын, жауапкермен мінездерінің келіспеуіне және жұбайының бала тәрбиесімен айналысуынан бас тартуы салдарынан сотпен арадағы некені бұзуды өтініпті.

Сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың айтуынша, істі қарау барысында, бітімге келудің маңыздылығын түсінген тараптар дауды медиация тәртібімен тоқтатып, ерлі- зайыптылардың некесі сақталып қалған.

Нәтижесінде соттың шешімімен медиация жөніндегі келісім бекітіліп, арадағы некені бұзу жайындағы азаматтық іс тоқтатылыпты. Талап қоюшыға мемлекеттік баж төлемі қайтарылып, ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

-Елімізде медиация жүйесінің тынысы ашыла түсуі қалыпты жайт деуге болады. Әрдайым жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде бітімгершілік жүйесі кеңінен қолданылып, нәтижесін таба берсін.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы