2.12.2020, 15:02
Қараулар: 108
Масаң күйінде көлік жүргізген

Масаң күйінде көлік жүргізген

Өткен айдың соңғы күні аудан орталығындағы Элеваторная және Борисюк көшелерінің қиылысында орнатылған жол белгісін көлігімен қағып кетен жан оқиға орнынан із суытқаны белгілі болды.

Көп ұзамай аталған орынға барған Е. Неткалиев және Д. Халиуллин атты полиция қызметкерлері қажетті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, белгіні қаққан 1958 жылы туған «Б» есімді азамат екенін анықтаған.

Тексеру кезінде «Б» көлікті масаң күйінде жүргізгені белгілі болды. Сонымен қатар ол сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 2-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Полиция бөлімінің берген мәліметіне сенсек, жыл басынан бері аудан аумағында мас күйінде көлік жүргізген 77 адам ұсталыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30 фактiге жоғарылаған.

Осы орайда полиция барша көлік иелерін жол жүру ережелерін қатаң түрде сақтауға шақырады.

Егер жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін байқаған жан болса, 102 нөміріне хабарласқаны жөн.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы