Тәуелсіз еліміздің өркендеуі –Ұлы Жеңістің жалғасы. Бүгінде ауданымызда қалған санаулы ардагеріміз — еліміздегі достық пен келісімнің берік іргетасы. Кеудесін оққа тосып, елін жаудан азат еткен батырларымыздың бірі Рубежка ауылының тұрғыны, екіншідүниежүзілік соғыс ардагері -Александр Старцев.
Мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисакаев пен Рубежка ауылдық округінің әкімі Асылбек Кенжин ардагердің шаңырағында болып жаңа жылмен құттықтап, аудан әкімі Марат Тоғжановтың атынан сый — сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Бұндай құрметке разы болған ардагер Александр Тимофеевич құттықтаушыларға ақ батасын беріп, елімізде белең алған пандемиядан аман – есен өтіп, қазақ елінде әрқашан тыныштық , бейбітшілік болсын деген тілегін жеткізді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы