24.01.2020, 13:46
Қараулар: 131
Компьютер әлемі – әлемге терезе

Компьютер әлемі – әлемге терезе

Жуырда Дариян модельді балалар кітапханасы жанындағы «Шабыт» коворкинг орталығында «Компьютер әлемі – әлемге терезе» атты тақырып аясында өтіп жатқан республикалық акцияға байланысты 8-11 сынып оқушылары арасында шара өтті.


Аталмыш шарада акцияның мақсатына кеңінен тоқталып, негізінен балаларды ғаламтор желісіндегі жауапкершілікпен және қауіпсіз өзін-өзі ұстауға үйретер, сондай-ақ нақты өмір ғаламтор беттерінен әлдеқайда жарқын екендігін, сондай-ақ виртуальды әлемге қарағанда қызықты екендігі жайында мағлұмат берілді.

Кітапханашы Марзия Кунуспаева тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, басқосуға қатысқан оқушыларға ғаламтордың маңыздылығы, кітапхананың электронды сайттарымен,ғаламторды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, компьютерлік терминдердің маңыздылығы жайында айтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға шақырды.

Сондай-ақ балалар оқу залының кітапханашысы Лиана Макеева да бастауыш сынып оқушылары арасында «Кітап ғаламтормен бірге» атты тақырыпта құнды деректер келтірді.

 

  Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы