24.12.2020, 16:00
Қараулар: 66
Имам мерекелік меделмен марапатталды

Имам мерекелік меделмен марапатталды

Бәйтерек ауданы Асан ауылы мешітінің имамы Мұратбек қажы Жахатов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы тағанұлының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығымен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Күні кеше БҚО бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлының қабылдауында болған Мұратбек ағамызға мерекелік медаль табыс етілді.

Сонау 1990 жылы Орта Азия Дін басқармасынан бөлініп шығып, өз алдына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы болып құрылған ұйым осы жылдар ішінде талай игі істі атқарып, ел азаматтарының тура жол таңдауына мұрындық болып келеді. Осы іске Мұратбек қажының да тигізген үлесі бар.

-Еңбегімізді елеп, медальға лайықты деп таныған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына ризашылғым шексіз. Ата-анамыз, ел-жұртымыз, жамағатымыз, өздеріміз бала-шағамен қуанып жатырмыз. Алыстағы, еліміздің түкпір-түкпіріндегі әріптестерін ұмытпағандарына ризамыз. Ел аман болсын! Тәуелсіздігіміз жасай берсін,-дейді М.Жахатов.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы