20.12.2020, 17:03
Қараулар: 91
Жылы жүрек – жомарт қол

Жылы жүрек – жомарт қол

Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің жастары «Birgemiz: Qamqor» жалпы ұлттық жобасын іске асыру мақсатында «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясын ұйымдастырды.

Зейнет жасындағы ауыл азаматтары мен қоғамдық жұмысқа тартылған ауыл тұрғындарының басын қосып, оларға қолдауын білдірген жастардың бастамасына көпшілік разы болды. Акция ұйымдастыруға атсалысқан ауыл жастарының жетекшісі Маржан Айтуарованың сөзінше, шараның басты мақсаты үйде отырған азаматтар мен күннің суығына да ыстығына да қарамай апуыл тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген адамдарға қамқорлық көрсету екен.

-«Жылы жүрек – жомарт қол» акциясын ұйымдастыратынымызды айтқанда ауыл дастары мен әкімдік қызметкерлері бірден қолдауын білдірді. Аздаған ақша жинап, өткен және келе жатқан мерелер құрметіне жұмысшыларға деп жастархан жайдық. Мұндай құрмет күтпеген олар шара соңында ризашылығын білдіріп жатты. Акциямыз өз мақсатына жеткені қуантты,-дейді М.Айтуаррова.

Алдағы уақытта ауыл жастары мұндай шараларды жиі өткізбек ниетті.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы