25.11.2020, 11:11
Қараулар: 78
Жылыту маусымы қарсаңында

Жылыту маусымы қарсаңында

Біздің өмірімізде көгілдір отын қауіпсіз және арзан болып қалыптасқанымен, көптеген тұрғын үй иелері түрле себептерге байланысты оны тұрмыста пайдалана алмай отыр. Тұрғын үй секторларында газ өткізілмеген тұрғындар әлі де пешті  отын арқылы жылытуда, сондықтанда пеш жағу кезіндегі қауіпсіздікті ескергім келеді.

Оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында  пеш құрылғысын тек қана тәжірибелі  маманға сеніп тапсырған жөн, олар барлығын өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес жөндеп береді.

Жылыту маусымы басталмас бұрын пешті тексеріп, түтін жолдарын күйеден тазалап, жарық жерлерін балшықпен майлап, әктеу қажет.

Абайсызда түсіп кеткен шоқ өртке себебкер  болмас үшін ошақтың алдына көлемі 50х70 темір қаңылтыр төселіп орнатылуы абзал. Пеш жанғыш заттардан 0,8 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

Жылыту мауысым кезінде пеш үзақ уақыт жағулы күйде болуы мүмкін. Осының салдарынан  пештің кейбір бөлшектері қызиды. Егерде осы бөлшектер ағаш құрастырмаларына тиіп тұрса өрт туындау қауіпі бар. Сондықтан пешті күніне 1,5 сағаттан 2-3 рет жаққан жөн.

Пештің үстіне отын, киім және де басқалай жанғыш заттар кептіруге тыйым салынады.

Пешті ағашпен немесе көмірмен жаққан жөн. Тез жанғыш және керосин, бензин, солярка секілді жанар майларды жағуға тиым салынады, бұл пештің жарылуына және адам өліміне алып келеді.

Құрметті ауыл тұрғындары! Қатты отын жағатын пешке деген немқұрайдылықтан  адам өміріне зақым келуі мүмкін.

Оқыс  жағдайды алдын алу мақсатында жылыту маусымында пештеріңізге көңіл бөліп, реттеуіңіз сұралады.

Бәйтерек ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты Ж.М Жасталапов