20.11.2020, 9:14
Қараулар: 96
Жолың болсын, жас сарбаз!

Жолың болсын, жас сарбаз!

Бәйтерек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ауыл жастары Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы жатырған жас сарбаздармен кездесті.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға әскерге аттанғалы отырған Д.Туксумбаев, П.Четверня, И.А.Шавва сияқты жастар қатысты.

— Жас, тәуелсіз еліміз сан қилы жағдайлардан, әлемді теңселткен дағдарыстардан абыроймен өтті. Халықтың жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Әскери салаға да айрықша маңыз беріліп отыр. Қазір Қазақстанның әскері аймақтағы белді күштің бірі саналады. Ол заманның озық технологиясымен жарақталған, жоғары талапқа жауап беретін әскери техникалармен, қару-жарақ, атыс құралдары, тағы басқа керек-жарақтармен толық жабдықталуда. Әскеріміз бүгінде мемлекет тыныштығының кепілі. Ал бүгінгі әскерге аттанғалы отырған жастар сол кепілдігіміздің қорғаушысы болмақ. Болашақ жауынгерлер алдыңғы буын ағаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, абыройларына дақ түсірмей, міндеттерін адал атқарып, елге оралады деп нық сеніммен айта аламын,-деді Кездесу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының м.а. майор Ю. Кауисов.

Сонымен қатар шара барысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары да болашақ сарбаздар жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Шараға қатысқан сарбаздардың ата-аналары да балаларына сәттілік тілеп, міндеттерін абройлы атқарып, аман-есен оралуын тіледі.

Жанар ГУБАШЕВА,

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталық әдіскері