17.10.2019, 9:36
Қараулар: 483
Дариянда ұстаздар марапатталды

Дариянда ұстаздар марапатталды

Өткен жұмада Дариян ауылдық мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтілді.Кез келген тұлғаның өмірінде өзіндік орны бар, қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ұстаз — әрбір тұлғаға білім мен тәрбие бере отырып, өмірден өз орнын табуға, азамат болып қалыптасуына жол көрсететін жан.Сондықтан ұстаздар қауымына қашанда көрсетілетін құрмет жоғары. Мерекеге орай ауыл әкімі Исатай Мұғалбаев білім саласының ардагерлері мен мектеп ұстаздарына құрмет көрсетті.

Алдымен сахна төріне Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев шақырылды.

-Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректенр құттыктаймын. Ұстаздық-киелі де қасиетті кәсіп,жауапкершілігі зор мамандық.

Сіздер тек шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына жаңғдай жасап, рухани өсуіне тікелей ықпал етуші негізгі тірексіздер.

Сіздердің отбасыларыңызға амандық, осынау қиын да қызыкты кәсіптеріңізге толағай табыс тілеймін,-деді Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев.

Мерекелік салтанатты шарада ауыл әкімі мәртебелі мамандық иелеріне ауыл әкімінің алғыс хатын табыс етіп, ізгі тілегін білдірді.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА