25.12.2020, 10:54
Қараулар: 60
Волонтерлар мен жастар ерледі

Волонтерлар мен жастар ерледі

«Волонтер жылы» деп бекітілген 2020 жыл елдегі төтенше жағдай мен пандемияға тұспа-тұс келіп, ауыр жағдайға қарамастан табысты болды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының аудан волонтерларымен бірлесе атқарған жұмысы нәтижесінде жоспарланған акциялар, форум, кездесулер, танымдық және спорттық шаралар абыроймен өткізілді.

Облыс және аудан көлемінде мәдени-көпшілік шаралар, әлеуметтік акциялар, атап айтқанда «Ардагерлерді ардақтайық», «100 нақты көмек», «Жастарға жұмыс» атты оқу-семинарлары, «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобалары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ресурстық орталық арқылы — 103, «Жастар тәжірибесі» арқылы – 133 жас тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастарға кеңес» жобасы аясында түрлі әлеуметтік бағыттағы сұрақтар мен мәселелер бойынша 90 жасты қамтыған 5 көшпелі кеңес жүргізілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданда 62 жас маман жәрдемақыға ие болса, 53 жас маман үй алуға немесе үй тұрғызуға несие алды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы арқылы 61 жас жаз мезгілінде жұмыспен қамтылып, 55 жас жұмысқа орналасу мәселесі бойынша кеңес алды. «Болашағың өз қолында» акциясы барысында жастарға 100-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылды.

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында аудан тұрғындарына жаппай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. 22 ауылдық округте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» баннерлер ілініп, 46 мектепте «Адалдық» дүкендері ашылды.

Аудан жастары мен еріктілер қозғалысы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы шеңберінде ауылдық округтердегі жалғызбасты, тыл ардагерлеріне жыл көмек көрсетіп отырды.

Төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан бойынша 25652 маска таратылып, аталған акцияға 1504 волонтер ат салысты. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен еріктілердің демеушілігімен 862 отбасыға материалды көмек көрсетіліп, оның ішінде 652 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Бір сөзбен айтқанда волонтерларымыз қиындыққа қарамай, өздерінің ісін адал атқарып шықты. Бұл жұмыстар енді тоқтамасы анық.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы