10.12.2020, 10:03
Қараулар: 57
Бәйтеректе дін төңірегінде әңгіме өрбіді

Бәйтеректе дін төңірегінде әңгіме өрбіді

Аудан жастарына түрлі бағытта қол жетімді кеңес беру мақсатында өткен «Live Dialogue» жобасының кезекті тікелей эфирі «Ислам дінінің кемелдігі» тақырыбына арналды.
Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Раманкулов Әсет Исламбекұлы мен Ақиқат ҚБ-нің маманы Пендебаев Тоқтар Ғалымұлы жастармен тікелей эфирде кездесіп, дін төңірегінде әңгіме өрбітті.

Эфир барысында «Ислам дінінің кемелділігін қазіргі кезде қай қырынан көре аламыз?» немесе «Пайғамбарымыз тастап кеткен сүннет жолын артқа қарай тартып жатырмыз ба?» деген сынды сұрақтарға жауап берілді.

Тоқтар Ғалымұлының айтуынша қазіргі таңда ислам діні кең қанат жаюда екен. Соның басым көптігі жастардың дінге бет бұруының өзі — ислам дінінің кемелденуі.
-Бір ұлтты жоқ қылу үшін, сол ұлттың тілін, дінін, тарихын жою керек деген пікір бар. Сол себептен де қазір жастарымызға тарихымызды, дінімізді адал бағытта көбірек насихаттау керек,-дейді Әсет Исламбекұлы

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы