29.12.2020, 9:27
Қараулар: 50
«Ауыл» партиясының өкілдері келді

«Ауыл» партиясының өкілдері келді

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ауыл» ХДПП филиалы төрағасы Мынаутаубиік Әнесов партияның сенімді өкілдерімен бірге аудан орталығында бәйтеректіктерге партия бағдарламасын таныстырды.

Отбасы құндылығы, ұлттық құндылық, мәдениет, әдебиет, салт-дәстүр тақырыбында сөз қозғаған партия өкілдері, ауылдың ең өзекті мәселелерін кешенді түрде шешу, ауылдық елді-мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету мәселесін алға тартып, азаматтардың сауалдарын мен сұрақтарына жауап берді.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы