12.01.2021, 14:43
Қараулар: 33
Ауыл жастары қамқорлық көрсетті

Ауыл жастары қамқорлық көрсетті

«Біз біргеміз» жобасы аясындағы акциялар тоқтап қалған жоқ. Бәйтеректік волонтерлер қамқорлық шараларын жалғастыруда. «Қамқор» жобасы шеңберінде жұмыстанып жатыр.

Жуырда Раздольный және Егіндібұлақ ауылдық окруктерінің жастары ауылда тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің қар басқан аулаларын тазартып, басқа да үй шаруасына қолғабыс етті.

Алдағы уақытта аудан волонтерлері еңбек ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарияларға арналаған қамқорлық шараларын одан әрі жалғамақ.

Аружан БОЛАТБЕК,

Бәйтерек ауданы