3.11.2020, 9:38
Қараулар: 116
Ансамбль концертін ұсынды

Ансамбль концертін ұсынды

Қайырымдылық айлығының соңғы күнінде Бәйтерек аудандық «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамблі аудан орталғындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ол жердегі қызмет алушыларға арнап шағын концерт қойды.

Әр мереке сайын мекемеде ғұмыр кешіп жатқан қариялар мен кейуаналарды қуантуды дәстүрге айналдырға ансамбль мүшелері қазіргі аумалы-төкпелі заманға қарамай, көпшілікке қуаныш сыйлады.

-Біздің ансамбль қарттар үйі аталып кеткен мекемеде қызмет алушылардың сүйікті өнер ұжымдарының біріне айналып үлгерді. Қарияларымыз репертуарымыздағы күйлер мен халық әнедрін жатқа айтады. Осы жолы Құрманғазы бабаның «Адай», «Саранжап» күйлерін, Н Тілендиев «Ата толғауын», һәкім Абайдың «Торжорғасын» ұсындық. Сондай-ақ ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған Ілия Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әнін Альфия Исламова нақышына келтіре орындаса, Кенен Әзербаев «Ойжайлау» әнін шырқаған Артур Сисенов те көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар көрермен сұрауы бойынша, ансамбль Астор Пьяцоллоның «Либертанго» шығармасын да орындап берді,-дейді ансамбль жетекшісі Аслан Ғизатов.

Елдегі жағжайға байланысты ұзақ өнер көрсете «Шежіре» фольклорлық ансамблі болашақта қарттарымызды бұдан жақсы концертімен қуанпақ ниетте.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы