28.12.2020, 9:55
Қараулар: 37
20 баланы қуантты

20 баланы қуантты

Бәйтерек аудандық № 2 соты мен «Приурал» аймақтық полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа жыл мерекесі қарсаңындап мектеп оқушыларын қуантып, оларға мереке сыйлауды дәстүрге айналдырғанына біраз жыл болды. Биыл да сот және полиция қызметкерлері ол дәстүрінен жаңылмады.

Дариян ауылындағы орта мектептің 20 оқушысына жаңа жылдық сыйлықтар мен оқу құралдарын алып берген қызметкерлер оқушылар мен ата-аналардың алғысына бөленді.

-Бал түгілі үлкендер де жаңа жылды асыға күтеді. Оқушыларымызға қуаныш сыйлаған демеушілерге алғысымыз шексіз. Әрдайым осындай қайырымды адамдардың қатары көбейе берсін,- дейді Дариян мектебінің директоры Оксана Шохина.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы