18.11.2020, 18:45
Қараулар: 104
100 отбасына көмек көрсетті

100 отбасына көмек көрсетті

Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің жастары 100 отбасына киім-кешек таратты. «Birgemiz: Sabaqtastyq» Жалпыұлттық жобасы аясында оздырылған игі іске ауыл әкімдігі мен жастар жетекшісі Алия Гумарова ұйытқы болған.

Округ әкімі Айнагүл Баянованың айтуынша, ауылдастарға қажетті қысқы киім сатып алатын қаражатты көшімдіктер ел болып жинапты.

-Ауыл жастары бастама көтергенде ауылдастар бірден қолдау танытты. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер ғана емес, жай азаматтар да атсалысып, ауылдасқа көмек болсын деген ниеттерін білдіргені қуантады. Күні кеше игі істі оңынан өткізіп, біраз отбасын қуанышқа бөледік,-дейді округ әкімі Айнагүл Зайреденқызы

Алдағы уақытта округ жастары мен әкімдігі қайырымдылық шараларын жалғамақ.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы