30.11.2020, 9:41
Қараулар: 109
Қар тазалау жұмысы ойдағыдай

Қар тазалау жұмысы ойдағыдай

Күні кеше жауған қар ерекше қалың түсті. Бәйтерек аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі соңғы күндері негізгі күшті қар тазалау жұмыстарына жұмылдырды. Негізінен әр округ пен аудан орталығындағы негізгі көшелер бойы, жаяу жүргіншілер жолы және аялдамалар тазартылды.

Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, округ әкімдерінің сұрауы бойынша ең алдымен Переметное, Мичурин, Асан ауылдарында арнайы техника жіберіліп, қар тазартылған. Ал қалған округтердегі тазалау жұмыстары әлі жүруде екен.

-Қыс келді. Енді қар аршу жұмыстарын бірінші кезекке қоямыз. Әзірге биылғы алғашқы қар айтарлықтай мәселе туындатқан жоқ. Жол тазалау жұмыстары жоспарлы түрде орындалды. Барлық округтермен байланыс жақсы, автожолдар уақтылы тазартылатын болады,-дейді Р. Рахметов.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы