31.12.2020, 9:06
Қараулар: 34
Қар тазалау жұмыстары қарқынды

Қар тазалау жұмыстары қарқынды

Жаңа жыл қарсаңында аймаққа түскен қалың қар көптеген автомобиль жолдарының қозғалысына кедергі келтірді. Аудандағы орталық көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары қалың қардың құрсауында қалуының салдарынан қар тазалау жұмыстары өңір әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың басты мәселесіне айналды. Бәйтерек ауданында да аталмыш шаралар екі күннен бері мықтап қолға алынды.

Ауданның 22 ауылдық округінде ғана емес, барлық 68 елді мекенде қар шығару жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы түскен қалың қардан барлық бағыттағы автомобиль жолдары тазартылып, әр ауылға кірер жолдары ашылды. Сондай-ақ ауылішілік жолдарды тазарту ісі де басты назарда.

-Аудан аумағында 852.5 км жол бар. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары «Асфа», «ЖарқынЖолҚұрылыс» ЖШС-не және «Коммунальник» КМҚК жүктелді. Бұл жұмыстарға жалпы саны 44 бірлік техника жұмылдыра аламыз. Бірақ кешегі боранда түскен қардың қалың болмауы себебінен жұмысқа 18 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ, -дейді тұрғын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Данияр Кушубаев.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы