Бәйтерек ауданында «Қару» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
Аудандық полиция бөлімі ұйымдастырған профилактикалық шара аудан аймағында қаруды заңсыз қолдану арқылы жасалатын қылмыстар мен қаруды ұрлау фактілерін болдырмау, сондай-ақ заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Заңсыз қару айналымын бақылау шарасының осы күнге дейінгі қорытындысы бойынша, ауданда тіркелген 261 қару иелерінің 145-і тексерілген. Бүгінгі таңда қаруды тіркеу тәртібін бұзған 4, сатып алу және сақтау ережелерін бұзған 2 азамат анықталды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, қарулары тәркіленіпті.
Осы орайда Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарынан қару құжаттарын уақытылы рәсімдеп, заң бұзушылыққа жол бермеулерін сұрайды.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы