4.11.2020, 9:10
Қараулар: 155
Істі болғанда пайдалы іске жұмылдырылуда

Істі болғанда пайдалы іске жұмылдырылуда

Бәйтерек ауданының пробация қызметінің есебінде сот шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар бар.

 

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 43-бабына сәйкес жазасын өтеушілер жергілікті атқарушы билік органдармен бірігіп, біліктілікті талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды атқаруы керек.

Осы ретте Бәйтерек ауданының №1 және №2 пробация қызметі Переметное және Дариян ауылдарында, жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға қосымша бақылау жүргізіп, жұмыстарын қалай орындап жатқандығын тексерді.

-Қоғамдық жұмыстарға сотталғандар негізінен елді мекендерді абаттандырумен және оларды санитарлық тазалығын сақтаумен айналысады. Жаз мезгілінде көшелерді көгалдандырып тазаласа, қыста қар тазарту жұмыстарын жүргізеді. Егер істі болған азамат қоғамдық жұмыстарды орындаудан бас тартса, оған қаталырақ жаза қолданылатын болады,-деді №1 пробация қызметінің басшысы Азамат Байболатов.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы