30.11.2020, 9:38
Қараулар: 101
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

Қараша айының соңғы күндері болғанына қарамастан Дариян ауыл көшелерінде тазалық жұмыстары жүруде. Игі іске белшене кіріскен тұрғындар «Тазалық табалдырықтан басталады» ұранымен ауыл ішін тазарту жұмыстарына белсенді араласуда.

-Ауылға кіре беріс және оған жалғасып жатқан Л.Толстой көшелеріндегі өсіп кеткен бұталар мен артық өскіндерін кесіліп, арнайы полигонға шығарылуда. Қалай болғанда да, тазалық мезгіл талғамайды. Жылдың қай мезгілі болмасын айналамызға ұқыптылықпен қарап, немқұрайлық танытпасақ нұр үстіне нұр болмақ,- дейді Дариян ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Тілек Кәкенов.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы