27.10.2020, 9:36
Қараулар: 162
Су айдынын балықпен толтырды

Су айдынын балықпен толтырды

Быковка өзенін жағалай қонған Чиров ауылы табиғаты көркем, өзен-көлі балыққа толы мекен. Бір кездері ауыл маңындағы өзенге бөгет салынып, су қоймасы пайда болған-ды. Ол жердің балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулап жататын. Соның арқасында ауылда балық аулаумен әуестенетіндер саны көбейді.

Бірақ бірте-бірте су тартылып, балық азая бастады. Осыдан екі жыл бұрын су қоймасындағы балық тұншығып, қырылып қалған еді. Балық аулауды ұнататын чировтықтар үшін ол нағыз трагедия болды.

Бүкіл ауыл азаматтарын толғандырған бұл мәселе тұрғындарға ұнамады. Сол себепті ол су айдынын балықпен толтыру керек деп шешті олар. Бірақ оны іске асыру үшін бастамашыл адамдар қажет еді. Биыл ондай жан табылды. Ол Иван Логашкин.

. -Бұл идея балық қырылып қалған жылы туған. Бірақ іске асыру жағы қиын болды. Биыл ауыл азаматтары жиналып, мәселені төтесінен қойдық. Қолдағандар көп болды. Өз көмегін көрсетушілер қолдарында бар ақшасының бір бөлігін беріп жатты. Екі жүз мыңнан астам қаражат жиналды. Дәлірек айтсақ 264 мың теңге. Ол ақшаға қалаға барып тұқы балығының шабақтарын сатып алдық та ауыл маңындағы су қоймасына жібердік,-дейді И.Логашкин.

Табиғатынан тұйық жігіт мен тек идея тастадым су айдынын балықпен толтыру ісін ауыл азаматтары бірлесе іске асырды,-деуден тайынбайды. Бірақ бес мыңнан астам тұқы шабағын су қоймасына шығару – бұл үлкен іс. Дәл осындай жұмысты жергілікті қоғамдастықтың атқарғаны, қолынан келер істі ауыл игілігіне бағыттағаны қуантады. Десе де, чировтықтар бөгетті су шайып, карпфишинг болмай қала ма? деген мәселе алаңдатады

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы