4.11.2020, 9:06
Қараулар: 96
Суық қару асынғандар қолға түсті

Суық қару асынғандар қолға түсті

26 қазан мен 1 қараша аралығында Бәйтерек аудандық полиция бөлімі»Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Полиция бөлімінде есепте тұрған азаматтар тексеріп, ҚР заңнамасын бұзған азаматтарға анықтау мақсатында оздырылған шара өз нәтижесін берген.

-Тексеру кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда суық қару ұстаған 8 азаматты анықтап тәркіледі. Сондай-ақ 61 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Мас күйінде көлік жүргізгені азамат үстінен әкімшілік іс қозғалып, көлікті құжатсыз басқарған 4 адам қолға түсті,-дейді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Манарбек Нәжиев.

Полиция бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарынан Қазақстан Республикасының Заңнамасының талаптарын сақтауды сұрайды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы