11.01.2021, 9:28
Қараулар: 37
Судьялар жылдық жұмысты қорытындылады

Судьялар жылдық жұмысты қорытындылады

Таяуда Бәйтерек аудандық №2 соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова онлайн режимінде сот жұмысының қорытындылады.

Бақытгүл Шабайқызының айтуынша, өткен жылы сотта қаралған азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер саны азайған. Сондай – ақ пандемия жағдайына байланысты соңғы 9 айда істерді қарау онлайн режимінде өткен.

Статистикалық мәліметтерге сүйенген сот төрайымының сөзінше, 2019 жылы сотта 97 қылмыстық іс қаралса, ол көрсеткіш 2020 жылы 87-ге болған. Сонымен қатар азаматтық істер де өткен жылы біраз кеміпті. Оған мына сандар дәлел болатындай. Мысалы 2019 жылы сотқа 490 азаматтық іс жетсе, 2020 жылы ол көрсеткіш 418-ге дейін төмендеген. 2019 жылы — 631 әкімшілік іс сот қатысуымен өткен болса, былтыр ол көрсеткіш 493 болыпты. Сонымен қатар 75 іс медиация тәртібі бойынша қаралып, тараптар татуласуына байланысты іс қысқартылған. Бұдан бөлек 1 қылмыстық, 23 азаматтық, 51 әкімшілік істің қысқартылғаны жайында да судья ақпарат берді.

Сондай — ақ жиында Бақытгүл Шабайқызы Жоғарғы соттың басшылығымен сот төрелігінің жұмыс жүйесін жеңілдету, сапасын арттыру, еліміздегі сот жүйесінің 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап күшіне енген жаңа заңның орындалуы мен сот төрелігінің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралардың қолға алынғандығын мәлімдеді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы