14.12.2020, 9:34
Қараулар: 77
Сақтық шаралары түсіндірілді

Сақтық шаралары түсіндірілді

«Қызыл ай» қоғамдарының халықаралық федерациясы мен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен Бәйтерек ауданы Дариян ауылында пандемия талаптарын тұғындарға түсіндіруге бағытталған басқосу өтті.

Жауапты сала мамандары мен волонтерлер қатысқан іс-шарада «Қызыл Ай» қоғамдық қоры БҚО филиалының директоры Светлана Тенишева жиналғандарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ С.Тенишева аты жаман аурудың тұрғындар арасында таралуына жол бермеу үшін қандай сақтық шараларын ұстану керектігі мен пандемия кезінде маска режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау аса маңызды екеніне де тоқталды.

Басқосу соңында жиналған азматтарға ақпараттық материалдар таратылып, алғашқы медициналық көмек көрсету және волонтер құқықтары мен міндеттері туралы да толық мағлұматтар берілді.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы