16.11.2020, 18:18
Қараулар: 95
Санбекет жұмысын әзірге аяқталды

Санбекет жұмысын әзірге аяқталды

Осы демалыс күндері Бәйтерек ауданы орталығына кіре берісте арнайы санитарлық бекет орнатылды. Әлемді әбігерге салған жаман аурудың алдын алу мақсатында қойылған беккетте екі күн бойы полицей мен санитарлық дәрігер қызмет етті. Әр сегіз сағат сайын ауысып, ауылға кіріп шыққандардың дене қызуын тексерген жандар өз міндеттерін абыроймен атқарып шықты.

ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау коммитеті, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық департаменті Бәйтерек ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының маманы Гүлсім Айсиеваның айтуынша, арнайы бекеттегі кезекшілік ойдағыдай өткен. Әр азамат дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің жұмысына еш кедергі келтірмей, барлық талаптарды орындауға тырысқан.

-Біздің мамандар екі күн бойы санитарлық бекетте қызмет атқарды. Ауылға кірген және шыққан жандар қызметімізге түсіністікпен қарап жатты. Осы күні сақтық шараларына немқұрайлы қарайтын азаматар азайғаны байқалды,-дейді Г.Айсиева.

Сонымен қатар аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері де санбекетке барып, жұмысын қадағалады. Құрамында аудан әкімінің орынбасары және жергілікті полиция қызметінің мамандары бар топ шектеу талаптарын ескермеген жандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы