25.11.2020, 11:22
Қараулар: 107
Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Су айдындарындағы қысқы мұз — бұл аса жоғары қауіпті аймақ. Облыстың су айдындарындағы оқиғалармен байланысты төтенше жағдайлар көбінесе азаматтардың су айдынындағы мұз бетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамайтындықтан болады.

Алғашқы қысқы мұзға шығуға асықпаңыздар, ол орнықты болып көрінгенмен мұз көбіне жұқа келіп, ересек адамды ғана емес, кішкентай бүлдіршінді де көтере алмайды.  Берік мұз қою түсті және біркелікті қармен қапталғанымен ерекшеленеді.

Мұздың беріктігін көзбен  анықтауға болады: көк түсті мұз – берік, ақшыл түсті – беріктігі 2 есе аз, ал сұрғылт және күңгірт, ақшыл және сарғылт реңкті мұз —  берік емес.

Мұз үстіндегі сақтық ережелері:

— Жұқа мұз үстінде жүрмеңіз;

— Шана, шанғымен көл жағасында сырғанау қауіпті;

— Мұз ойықтарынан арақашықта болыңыз;

— Мұз бетін жармаңыз;

 

Бәйтерек аудандық төтенше жағдай бөлімі