5.11.2020, 9:57
Қараулар: 109
Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

Күз  мезгілінің келуіне байланысты, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған маңызды. Осы ретте төтенше жайдай  мамандары мұздақ су айдындарында мына қауіпсіздік ережелерге құлақ түруге кеңес береді.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, мұз үстіне қас қарайған шақта, ауа райының қолайсыз кезінде мүлдем шықпау керек. Көптеген жерлерде қатпаған жылымдар  кездеседі. Көлдің арғы бетіне шықпақ болсаңыз, өткелмен өткен абзал. Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге мүлдем болмайды. Мұздан өтерде салынған ізбен жүру керек. Егер із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, қозғалатын бағытты біліп алған дұрыс.

Топ болып, өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 м-дей арақашықтық сақтау қажет. Жүк немесе сөмке болған жағдайда, оны тек бір иыққа асынған жөн. Себебі, оқыс жағдайда оны тастай салуға ыңғайлы болады. Қыста жаяу  адамға-10 см, автокөліктерге 25-30 см қалыңдықтағы мұзбен жүруге болады.

Мұз бетіндегі оқыс оқиғаның тағы бір себебі-алкогольдік ішімдік ішуден. Бұндай кезде адам қауіптен қаша алмай, қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін. Ата-аналар балаларын мұзға немесе су айдындарына балық аулауға, шана, коньки, шаңғы тебуге қараусыз жібермеулерін қадағалаған дұрыс.

Бәйтерек аудандық төтенше жағдай бөлімі