29.12.2020, 9:38
Қараулар: 33
Медицинада мәселе көп

Медицинада мәселе көп

«Nur Otan» партиясының аудандық штабы өкілдері №2 аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті.

Ауданның әр тұрғыны үшін сапалы медициналық көмекке қолжетімдікті қамтамасыз етуге «Nur Otan» партиясы ықпал ететінін айтқан штаб мүшелері пандемия кезінде індетпен бетпебет келген медицина қызметкерлерінің ісіне барша ел разы екенін жеткізді.

Стационарлық және амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету, жалпы тәжірибе дәрігерлері, офтальмолог, эндокринолог, ЛОР-дәрігер, психиатрнарколог тапшылығы мәселесін шешу үшін мамандарды ауруханаға тарту керектігі де кездесу барысында сөз болды.

Жалпы, 2025 жылға дейін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 25 медицина қызметкері мен 10 дәрігер жұмысқа тартылатынын штаб мүшелері өз сөзінде атап өтті.

Кездесу барысында дәрігерлер ауданның ауруханаларын жөндеу мен жаңа техникалармен қамту жайында сұрақ қойды. Оған штаб мүшелері 2025 жылға қарай ауданның медициналық мекемелерін кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу күн
тәртібіне қойылғанын айтты.